Не дейін…
Саған қанша талпынсам да, сиқыр-бейне сырлы аспан,
Санасыздау нәпсім мені кері тартады тынбастан,
Аппақ-аппақ сезімдерді, ауыр-ауыр ойларды
Бір жексұрын жынығулар жиектейді жылбасқан.
Саған қарап ынтық болдым, жұлдыз таққан түнгі аспан,
Мұнар-мұнар сағымдарда санамды ой, мұң басқан.
Пенде-ниет, пенде-қиял, пенде-өмір—күнәһар
Пенде-өлімнің көріменен шекаралас, ұласқан.
Сол шекара, сол екі ара сынға түсер шағым бұл.
Құрғыр өмір бас бермейді, қияс тартып, қағынғыр.
Ең соңғы күн қайда боламын, қайда тыншу табармын,
Ең салмақты осы-ау деймін, ал қалғаны сағым құр.
Саған қанша сыр айтсам да, білесің бе, мұңды аспан?
Жетпейді үнім жәндік құрлы бола да алмай тырмасқан.
Шіркін, тағдыр, жазуың да біз бейбаққа беймәлім,
Шимай-шимай бір шатпағың шешіп бәрін оу бастан…
“…тағдыр, жазуың да біз бейбаққа беймәлім…” солай :/
Мойын бұрып, көз салғаныңызға рахмет…)))
Жақсы өлең. Авторы кім екен?
Авторы біз бейбақпыз…))) Дінмұхамед дейтін Құдайдың құлы…Пікіріңізге үлкен рахмет!
Ақын ба едіңіз?
Ақынмын деп әлі ешкімді мойындата қойған жоқпын, алайда кейде болып тұрады…