Сол бір өлең…

Жайдым қағаз, алдым қалам хат жазбаққа өзіңе.
Бұл бір әлде бұйығы мұң буындырған кезім бе?
Қағып-қағып қалың ойдан киелі сөз таппаса,
Құр жылаған, құр булыққан бұл сезімім сезім бе!?

Сыр мінез, сыйлы, сыралғы жолдас, жалғызым,
Сағынамын сені күн батар кештен таңға ұзын.
Алақан жүрек алаулап сүйген, ардақтым,
Берем бе сені балаған мыңға хан қызын!?

Аялы, аппақ алақаның…
Сағындым да тот бастым…
Сен бар жерде бұл жалғанда, мен де бекер жатпаспын.
Құлдыраң қаққан жұмыр жерді шырқ айналып шықсам да,
Сенен артық, сірә, біреу таппаспын-ау,таппаспын…

Жүректі кеп сыздатады сылдыр сезім,жасық мұң,
Сен бар жерге, сырым менің, алып-ұшып, асықтым.
Кейде тұман, кейде мұнар, кейде шуақ мінезің,
Сол мінезге, өзім бірақ, есім кете ғашықпын…

Көңілдің кірін жасымен көздің жусақ та,
Балапан сезім балалап тұрған бұл шақта,
Бұғаулы жүрек бұлқынып туған бұл шақта,
Арманымды-әлди құшақта, жаным, құшақта…

Сөз айттым саған, салмақтап құйған сымбаттым,
Құдайдан кейін құлай да сүйген қымбаттым,
Қиылған қасың, қарақат көзің ұғар ма,
Мен емес, менің жүрегім жазған бұл хатты…

16.10.2008

  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Connecting to %s

Follow

Get every new post delivered to your Inbox.