Фэйсбуктың пайдасы немесе құда балам куәлігімен қалай қайта қауышты

Асхат ағайдың МедиаНет пен Медиа-Мектеп үшін өткізген тренингтерінде әлеуметтік желінің пайдасы жайлы айтқан сөздері бүгін менің өмірімде жүзеге асты.

Ермек дейтін құда балам бар. “Әпіратрдың” оқуын оқып жүр. Сол жазған жақында “31″ телеарнада тәжірибеден өтіп жүрген жерінен жеке куәлігін жоғалтып алыпты. Ол туралы мен дым білмеймін, фэйсбукты оқып отырсам Әділ Нұрмақов дейтін біздің журналистика курсының тренері “осындай, осындай, Ермек деген баланың куәлігін тауып алдым, кім бар-ау” дееееп жазып отыр…

Атаңнан айналайын, фэйсбук!!!

Сөйтіп екеуін таныстырып, табыстырып жібердім. ҚҰДАЙ қаласа, куәлігі қолына тиіп қалады құда баламның…

Жайдым қағаз, алдым қалам хат жазбаққа өзіңе.
Бұл бір әлде бұйығы мұң буындырған кезім бе?
Қағып-қағып қалың ойдан киелі сөз таппаса,
Құр жылаған, құр булыққан бұл сезімім сезім бе!?

Сыр мінез, сыйлы, сыралғы жолдас, жалғызым,
Сағынамын сені күн батар кештен таңға ұзын.
Алақан жүрек алаулап сүйген, ардақтым,
Берем бе сені балаған мыңға хан қызын!?

Аялы, аппақ алақаның…
Сағындым да тот бастым…
Сен бар жерде бұл жалғанда, мен де бекер жатпаспын.
Құлдыраң қаққан жұмыр жерді шырқ айналып шықсам да,
Сенен артық, сірә, біреу таппаспын-ау,таппаспын…

Жүректі кеп сыздатады сылдыр сезім,жасық мұң,
Сен бар жерге, сырым менің, алып-ұшып, асықтым.
Кейде тұман, кейде мұнар, кейде шуақ мінезің,
Сол мінезге, өзім бірақ, есім кете ғашықпын…

Көңілдің кірін жасымен көздің жусақ та,
Балапан сезім балалап тұрған бұл шақта,
Бұғаулы жүрек бұлқынып туған бұл шақта,
Арманымды-әлди құшақта, жаным, құшақта…

Сөз айттым саған, салмақтап құйған сымбаттым,
Құдайдан кейін құлай да сүйген қымбаттым,
Қиылған қасың, қарақат көзің ұғар ма,
Мен емес, менің жүрегім жазған бұл хатты…

Сезімге қалай қарайсыздар?

Бұлыңғыр күндер бұлдыры,
Күлкіңнің күміс сыңғыры,
Сарғайтып кетті, сағынтып
Жаныңның жібек сыбдыры …

Мұңымның мынау шынжыры,
Сырымның анау сылдыры,
Қалғандай көштен адасып,
Күллі жетімнің тұлдыры
Өзім болдым, құрғыры…

Не дейін…

Саған қанша талпынсам да, сиқыр-бейне сырлы аспан,
Санасыздау нәпсім мені кері тартады тынбастан,
Аппақ-аппақ сезімдерді, ауыр-ауыр ойларды
Бір жексұрын жынығулар жиектейді жылбасқан.

Саған қарап ынтық болдым, жұлдыз таққан түнгі аспан,
Мұнар-мұнар сағымдарда санамды ой, мұң басқан.
Пенде-ниет, пенде-қиял, пенде-өмір—күнәһар
Пенде-өлімнің көріменен шекаралас, ұласқан.

Сол шекара, сол екі ара сынға түсер шағым бұл.
Құрғыр өмір бас бермейді, қияс тартып, қағынғыр.
Ең соңғы күн қайда боламын, қайда тыншу табармын,
Ең салмақты осы-ау деймін, ал қалғаны сағым құр.

Саған қанша сыр айтсам да, білесің бе, мұңды аспан?
Жетпейді үнім жәндік құрлы бола да алмай тырмасқан.
Шіркін, тағдыр, жазуың да біз бейбаққа беймәлім,
Шимай-шимай бір шатпағың шешіп бәрін оу бастан…

Көктем ғой…

Көктеміңді алып келдің бе,
Көңілімнің аппақ торғайы,
Шырылың сенің болмаса
Шуақты күнде сол қайғы,
Жұдырықтай жолдасым,
Жанымды мұңнан қорғайды,
Жұдырық жүрек болмаса,
Өмір де мәнді болмайды.

Сенсіз мынау паң дүние
Тәубесін де ұмытар…
Сенің сырлы, наз үнің
Тасты да безер жылытар…

Болды. Әрі қарай “әке” десең шықпайды. Умаждап-умаждап лақтырып тастайын десең, жалкі…

Сол бір өлең…

Жайдым қағаз, алдым қалам хат жазбаққа өзіңе.
Бұл бір әлде бұйығы мұң буындырған кезім бе?
Қағып-қағып қалың ойдан киелі сөз таппаса,
Құр жылаған, құр булыққан бұл сезімім сезім бе!?

Сыр мінез, сыйлы, сыралғы жолдас, жалғызым,
Сағынамын сені күн батар кештен таңға ұзын.
Алақан жүрек алаулап сүйген, ардақтым,
Берем бе сені балаған мыңға хан қызын!?

Аялы, аппақ алақаның…
Сағындым да тот бастым…
Сен бар жерде бұл жалғанда, мен де бекер жатпаспын.
Құлдыраң қаққан жұмыр жерді шырқ айналып шықсам да,
Сенен артық, сірә, біреу таппаспын-ау,таппаспын…

Жүректі кеп сыздатады сылдыр сезім,жасық мұң,
Сен бар жерге, сырым менің, алып-ұшып, асықтым.
Кейде тұман, кейде мұнар, кейде шуақ мінезің,
Сол мінезге, өзім бірақ, есім кете ғашықпын…

Көңілдің кірін жасымен көздің жусақ та,
Балапан сезім балалап тұрған бұл шақта,
Бұғаулы жүрек бұлқынып туған бұл шақта,
Арманымды-әлди құшақта, жаным, құшақта…

Сөз айттым саған, салмақтап құйған сымбаттым,
Құдайдан кейін құлай да сүйген қымбаттым,
Қиылған қасың, қарақат көзің ұғар ма,
Мен емес, менің жүрегім жазған бұл хатты…

16.10.2008

Қиын-ақ

Ордпресті әлі түсіне алмай жатырмын…((( Хны…

Бір ауыз сөз…

Шынайы, ақиқат сөз  ақ жүректен шығар… Тек кірлемеген, былғанбаған жүрек қана тау суындай мөлдір, кіршіксіз әдемі ой тудыра алар..Жүрегіміз таза болсын…)))

АРМЫСЫЗДАР!

Артық-ауыс, кемшін кеткен тұстар болса, пардон…)))

Follow

Get every new post delivered to your Inbox.